Жарнама
Жарнама

«Елімай» - «Жетісу» кездесуіне болжам

26.07.2025, 14:08

Андрей Карпович бүгін «Елімайға» қамшы басады.

«Елімай» ФК ойыншыларының жаттығуы
Жарнама
Жарнама

Семейліктер соңғы үш ойында екі рет жеңіліп, бір рет тең түсті. Мұндай сәтсіз серия жалғасын тапса, бас бапкердің қызметтен кетуі секілді мәселенің көтерілетіні анық. Өткен турда Рамазан Оразов, Ғалымжан Кенжебек сынды жаңа футболшылардың қатарға қосылуы да құтқарған жоқ: семейліктер өз алаңында «Жеңістен» жеңіліп қалған 1:2. Сондықтан, бүгін алаң иелері ерекше мотивациямен шығатыны анық. Бірінші айналымда «Елімай» Талдықорғанда басым түскен. Ал бүгінгі бәсекеде қандай нәтиже тіркеледі? 

«Жетісу» 17 турда 16 ұпай жинап, оныншы орынға табан тіреуде. Өткен жолы Самат Смақовтың командасы тартысты теке-тіресте «Ордабасыны» ұтып кеткен болатын 1:0. Күрделі ойын соңында алаң иелері жеңіс голын соғып, аса маңызды үш ұпай еншіледі. Бірақ, бүгін кешке қиындау болады. Өйткені, «Елімай» өз алаңында қатарынан екі рет ұпайдан шашау шығарғысы келмейтіні анық. Оның үстіне талдықорғандық команданың сырт алаңдағы статистикасы да керемет емес. Жалпы, команда соңғы 5 бәсекенің екеуін ұтып, үшеуінде жеңіліс тапқан. 

Бүгінгі кездесуде жалпы тотал 2.5-нан аз болады деп топшылаймыз. Fonbet.kz бұған 1.92 коэффициентін тарту етеді.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров