Фейсал Мулич - “Согдиана” ойыншысы атанды.
Бойы 203 см құрайтын шабуылшы осы маусымның басын семейлік Елімайда бастаған болатын. Онда ол 10 матчта 3 гол соғып, жанкүйерлердің оң бағасын алды. Карповичтің өзі сербиялық шабуылшыға барынша қолдау көрсетті. Алайда жаз айында Фейсал табан астында келісім шарттан бас тартып, Индонезияның Бурирам клубына ауысып кетті. Сөйтіп сол жақта 11 матч өткізіп, 6 гол соқты.
Енді жаңа маусымға қарай Фейсал Джазака қаласының “Согдиана” ұжымымен бір жылдық келісім шартқа отырды.
Жалпы Нови Паза тумасы өз мансабында “Нови Мускрон”, “Хапоэль” Акра, “Бней” Йегуда, “Хапоэль” Тель-Авив, “Мура”, “Вележ”, “Соннам”, “Сувон Блюуингз” клубтарында өнер көрсетіп келді.
Трансфермаркет порталы Муличті 350 мың еуро тұратынын көрсетуде.
Біздің серіктес: FONBET