Жарнама
Жарнама

Еліміздің жас футболшылары Өскеменде бас қосты

10.08.2011, 08:09
Жарнама
Жарнама
Еліміздің жас футболшылары Өскеменде бас қосты. Дәл осы жерде, премьер–лига футбол ұжымдарының жасақтау команда ойыншылары арасында республикалық біріншіліктің кезекті айналымы өтуде. Бұл кезеңде ақтық сын жолдамалары сарапқа салынса, үстіміздегі жылдың қазан айында жеңімпаздар анықталады. Ал әзірге үздік 8 команданың 16 жасар аяқ доп шеберлері алғаш рет еліміздің шығысына келіп бақтарын сынауда. Бірінші айналым нәтижесі бойынша талдықорғандық «Жетісуды» 3-0 есебімен ұтқан Алматының командасы көш бастап келеді. Ал жергілікті «Востокты» ұтқан «Қайсар» болса, екінші келеді. Бұл жас спортшылар болашақта өздері тәжірибе жинақтап жүрген клубтарының негізгі құрамы қатарына қосылатынын білетін басшылар барлық шығынды әр команданың өздері көтеруде. Сонымен қатар турнир – жас шеберлерді бақылайтын сәтті кезең. Өйткені келесі жылы көзге түскендері өз өңірлерінің ұжым құрамына алынуы ғажап емес. kaztrk.kz
Жарнама
Жарнама

Новости партнеров