“Астана” ойыншысы Шымкент командасына жалға беріледі.
Қазіргі уақытта қос команда тарапы келіссөздер жүргізуде. Жақын күндері барлығы өз орнына келгенде, Эльхан Шымкент шаһарына қайтып оралады.
Айта кетейік, 25 жастағы шабуылдаушы жартылай қорғаушы 2025 жылғы маусымды елордалық Астана сапында бастағанды (10 матч, 1 гол), алайда жаз айында Астанов өзінің туған командасы “Ордабасыға” жалға жіберілді (9 матч, 6 гол, 1 голдық пас). Премьер-Лига маусымы аяқталған тұста Эльхан өзі тиесілі “Астана” сапына қайта қосылды.
Астанов бүгінде ел құрамасына тұрақты түрде шақыртылып жүрген футболшылар қатарында. Ол 2021 мен 2025 жылдар аралығында халықаралық турнирлерде 19 ойын өткізіп, 1 голды өз атына жазды.
Футболдағы кәсіби келісім шартын “Ордабасы” клубымен жазған Эльханды Transfermarkt порталы 450 мың еуроға бағалайды.
Біздің серіктес: FONBET