Жарнама
Жарнама

Елорда ұжымының басшысы трансфер жайында сөз қозғады

“Астана” футбол клубының Бас директоры Қайсар Бекенов трансфер бойынша пікір білдірді.

Жарнама
Жарнама

Клуб директоры жазғы трансферлік кезеңнің команда құрамын күшейтуде ерекше маңыздылығын атап өтті.
 

  • Жазғы трансферлік кезең - команда құрамын нығайтып, алдымызға қойылған мақсатқа жетуге бағытталған салмақты әрі стратегиялық шешімдерді талап ететін уақыт. Осы орайда, Арман Кеңесовке, Ннамди Аханону мен Эльхан Астановқа клубтың толыққанды ойыншысы екені рас, біз олардың ойыншы ретінде дұрыс дамуын мұқият бақылап отырамыз.

 

Сонымен қатар, біз Иван Башич пен Дритон Цамайды “Астана” сапында көруге қуаныштымыз. Бұл - әлеуеті мықты, құлшынысы жоғары футболшылар. Олар командаға маңызды бағыттарда жаңа серпін беріп, ойын сапасын арттырады деп сенеміз. Жаңа ойыншылар ұжымға тез бейімделіп, маусымның қалған бөлігінде оң әсерін тигізеді деген сенімдеміз.

Айта кетейік, “Астана” командасы ішкі чемпионаттың 16 тур қорытындысы бойынша 37 ұпаймен турнир кестесінде 1 орында келеді. Келесі ойынын елорда ұжымы 13 шілде күні шымкенттік “Ордабасыға” қарсы кездесу өткізеді. 

 

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров

Материалда: