"Астана" клубы жаңа маусымға дайындықтың келесі кезеңіне көшті, деп хабарлайды Aladop.kz.
Команда бүгін екінші оқу-жаттығу жиынын өткізу үшін Біріккен Араб Әмірліктеріне жол тартты.
Қазақстанның вице-чемпиондары кезекті дайындық кезеңін Дубай қаласында өткізеді.
Бұған дейін команда елордадағы "Астана Арена” стадионында алғашқы жиынын аяқтап, физикалық бабын қалыпқа келтірумен айналысқан болатын.
Дубайдағы жиынға команданың негізгі өзегі — отандық ойыншылар да, легионерлер де толық құрамда қатысады.
Команда Әмірлік жерінде екі аптадан астам уақыт болмақ.
Біздің серіктес: FONBET