“Қайрат” командасы “Астана Арена” жайында ескерту алды.
Ауа-райының қолайсыздығына байланысты еурокубок матчтерін Алматыдан “Астана” шаһарына көшірген “Қайрат” жергілікті команданың провакациялық постына тап болды.
Ресми парақшада былай деп жазылған:
“Ең бастысы - біздің аңызға айналған, талай тарихи еврокубок матчтарын көрген стадионды ұятқа қалдырмаңдар”.
Ел атынан Чемпиондар Лигасында бақ сынасып жатқан командаға басқа қазақстандық клубтың осылай жазуы қаншалықты орынды?! Кеше ғана дәл сол стадионда Қазақстан Бельгиямен лайықты деңгейде өнер көрсеткенде, сол құрам сапында “Қайраттықтар” алаңға шыққанда, елорда командасының баспасөз-қызметі қайда қалды? Чемпионатта қарсылас болғанымен, ел намысы еуроаренада сыналып жатқанда, қазақтың командасын қазақ қолдауы тиіс деп ойлаймыз.
Біздің серіктес: FONBET