Жарнама
Жарнама

Эмиль Балаев жақын күндері «Тұранға» ауысады

01.03.2022, 21:04
Қақпашы кеше «Карабах» сапындағы соңғы матчын өткізді.
Жарнама
Жарнама

Әзірбайжандық қақпашы Эмиль Балаев «Карабах» клубымен екі жақты мәміле бойынша келісім-шартты бұзу туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Azerisport басылымы.

«27 жастағы қақпашы Әзірбайжан Премьер-лигасының 17-ші турындағы «Кешлиге» қарсы өткен матчқа (0:0) шақыртылды. Бұл оның командадағы соңғы ойыны болды.

Жақын күндері Балаев қазақстандық «Тұран» клубымен келісім-шартқа отырмақ. Бірақ қақпашы жаңа командасына бірден қосылмайды, өйткені ол үйленгелі жатыр», - деп жазады портал.

Ал «Карабахтың» бас бапкері Гурбан Гурбанов қақпашының командадағы болашағы ертең нақтыланатынын мәлімдеді.

Еске салайық, Эмиль бұған дейін «Тобылдың» намысын қорғаған. Қостанайлық клуб үшін 36 кездесу өткізіп, 21 матчта қақпасын голдан аман сақтаған. 

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров