Жарнама
Жарнама

Эмиль Сэндой Румыния құрамасының құрамын жариялады

31.08.2011, 03:59
Жарнама
Жарнама
2-қыркүйек күні Қазақстан жастар құрамасы (U-21) Еуропа біріншілігінің іріктеу кезеңі аясында   Румыниялық құрдастарымен Алматының орталық стадионында кездесу өткізеді. Румыния құрамасының бас бапкері Эмиль Сэндой болса, алдағы өтер кездесуге құрамасының құрамын жариялады: Қақпашылар: Дину Молдован («Эспаньол», Испания), Давид Лазар («Пандурий»). Қорғаушылар: Корнел Рапа («Оцелул), Сержиу Мут («Газ Метан»), Адриан Попа («Снагов»), Йонуц Рада («Пандурий»), Костинел Гугу («Тыргу Муреш»), Александру Цигэнашу («Астра»), Дин Беца («Спортул»). Жартылай қорғаушылар: Михай Оникаш («Вииторул»), Пауль Антон («Глория»), Чиприан Селагеа («Бихор»), Георге Грозав («Университатя», Клуж), Сильвию Панэ («Конкордия»), Козмин Матей («Астра»), Чиприан Брата («Пандурий»), Николае Станчу («Униря», Алба-Юлия), Габриэль Эначе («Дачия», Миовени), Йонуц Настасие («Стяуа»). Шабуылшылар: Джордже Цукудян («Динамо», Бухарест), Сержиу Буш («Тыргу-Муреш»), Адриан Маркуш («Бихор»). 3-маусым күнгі алғашқы ойынмен (0-0) салыстырар болсақ ,  құрамаға Габриэль Матей, Себастьян Младен, Адриан Стоян, Денис Алибец, Михай Рэдуц, Андрей Войкан, Флориан Бульека, Серджиу Сучу секілді ойыншылар шақырту алмапты. Алматы қаласына Румыния жастары 1-қыркүйек күні келеді. Автор: Думан Балықбаев
Жарнама
Жарнама

Новости партнеров