Әзeрбайжан құрамасының жартылай қорғаушысы Эмин Махмудов Қазақстан құрамасына қарсы өтетін ойын туралы пікірімен бөлісті, деп хабарлайды Azerisport.com.
- Мен капитан болғандықтан жеңіске жете бастадық деген пікірмен келіспеймін. Менің алдымда да жақсы капитандар болды. Жеңістің оған еш қатысы жоқ. Екі күн бұрын жақсы ойнадық. Соңына дейін күрестік. Кейбір ойындарда жолымыз болмағанымен, Словакияны ұттық. Бұл бізге сенімділік береді және жеңістер әрі қарай да жалғаса береді деп сенемін.
Иә, бұл топта жақсырақ өнер көрсететін мүмкіндік болды. Кейбір матчтарда өз деңгейімізді көрсете алмадық. Өзімізге көбірек сенсек, нәтиже жақсы болады.
Біздің серіктес: FONBET