Жарнама
Жарнама

Ең бай команда – «Манчестер Сити»

22.06.2013, 18:47
Жарнама
Жарнама
Спорт тақырыбына байланысты тың деректер ұсынып, түрлі зерттеулер жүргізіп жүрген «Sporting Intelligence» пен «ESPN The Magazine» сынды компаниялар таяуда әлемдегі ең бай командалардың рейтингін жария етті.

Аталмыш ұйымдар ұсын­ған дерекке сенсек, футболдан Англияның Премьер-лига­сын­­да күш сынасып жүрген «Манчестер Сити» әлемдегі ең бай команда екен. Аталмыш клубтың әр ойыншысы орта есеппен алғанда жылына 5,2 миллион фунт стерлинг көле­мінде еңбекақы алады. Оған таңдануға болмас. Өйткені бұл команданың қожайыны Біріккен Араб Әмірлігінің аза­­маты, әйгілі «Әбу-Даби Юнай­тед групп» компания­сының басшысы – Мансұр Ибн Зайд әл-Нахайян. Тізгінді араб миллиардері ұстағалы бері «Манчестер Ситидің» қаржылық жағдайы күрт жақ­сарды. Олар бірқатар белді фут­болшылармен келісiм­шарт жасап, бұл күндері қарт құр­лықтағы азулы клубтардың біріне айналды.Екінші орында – АҚШ-тың «Лос-Анджелес Доджерс» командасының бейс­­бол­шылары. Олардың әр ойыншысына 4,86 миллион тиесілі. Үшінші сатыға Ма­дрид­тің «Реалы» табан тіреп тұр. Испания біріншілігінде өнер көрсететін футболшылар 4,718 миллионды қалтаға басады. Сондай-ақ Испания­ның «Барселона» (4,69 мил­лион, футбол), АҚШ-тың «Нью-Йорк Янкис» (4,649 миллион, бейсбол), Италия­ның «Милан» (4,251 миллион, бейсбол), Лос-Анджелес Лей­керс (4,09 миллион, баскет­бол), Англияның «Челси» (4,058 миллион, футбол), Гер­манияның «Бавария» (4.0 мил­лион) және Италияның «Интер» (4,0 миллион, фут­бол) сынды командалары үздік «ондықтың» санатында.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров