Жарнама
Жарнама

Ең қымбат қазақстандық футболшылардың тізімі жарияланды

12.06.2021, 17:50
Жаңартылған тізімде көптеген ойыншылардың трансферлік құны төмендеген екен.
Жарнама
Жарнама

"Transfermarkt" порталы қазақстандық ойыншылардың трансферлік бағаларын жаңартты.

Рейтингтегі ең қымбат қазақстандық футболшы ретінде мәскеулік ЦСКА командасында ойнайтын Бақтиер Зайнутдинов танылды. Ал екінші орынды "Қайраттың" жас қорғаушысы Нұралы Әліп сақтап қалды, ал үшінші орынды "Аль-Фейсали" клубында өнер көрсететін Александр Меркель иеленді.

Төртінші орынға «Астана» капитаны Абзал Бейсебеков жайғасты - ойыншының трансферлік құны 1,2 миллионнан 1,4 миллион еуроға дейін өсті. Осы тізімдегі бесінші орынды 4 ойыншы бөлісті: "Қайраттан" Стас Покатилов пен Айбол Әбікен, "Астана" шабуылшысы Абат Айымбетов және "Ордабасының" қорғаушысы Темірлан Ерланов.

Ең қымбат қазақстандық футболшылардың тізімі төмендегідей:

1. Бақтиер Зайнутдинов (ЦСКА) - 3,5 миллион еуро (-);

2. Нұралы Әліп ("Қайрат") - 1,7 миллион еуро (-);

3. Александр Меркель ("Аль-Фейсали", Сауд Арабиясы) - 1,5 миллион еуро (+500 мың еуро);

4. Абзал Бейсебеков ("Астана") - 1,4 миллион еуро (+200 мың еуро);

5-8. Стас Покатилов ("Қайрат") - 1,2 миллион еуро (-300 мың еуро);

5-8. Абат Айымбетов ("Астана") - 1,2 миллион еуро (-300 мың еуро);

5-8. Темірлан Ерланов ("Ордабасы") - 1,2 миллион еуро (-300 мың еуро);

5-8. Айбол Әбікен ("Қайрат") - 1,2 миллион еуро (-100 мың еуро);

9-10. Дмитрий Шомко ("Ротор") - 1 миллион еуро (-500 мың еуро);

9-10. Дмитрий Мирошниченко ("Тобыл") - 1 миллион еуро (-200 мың еуро).

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров