Жарнама
Жарнама

Ең қымбат жас футболшылардың тізімі жарияланды

07.12.2021, 21:48
Жас болғанымен, бағалары аспандап тұр.
Жарнама
Жарнама

Халықаралық спортты зерттеу орталығы (CIES) Еуропаның ТОП-5 лигасындағы 23 жасқа дейінгі ең қымбат футболшылардың рейтингін жариялады.

Ең қымбат жас ойыншы ретінде трансферлік құны 150 миллион еуроға бағаланған дортмундтық «Боруссияның» шабуылшысы Эрлинг Холанд тіркелді, «Реалдың» футболшысы Винисиус Жуниор мен «Манчестер Ситидің» жартылай қорғаушысы Филипп Фоденге де дәл осындай баға берілді. Одан кейінгі сатыда «Манчестер Юнайтедтің» екі футболшысы Мэйсон Гринвуд пен Джейдон Санчо тұр.

CIES тұжырымы бойынша ең қымбат 10 ойыншының (23 жасқа дейінгі) тізімі:

  1. Эрлинг Холанд («Боруссия Дортмунд») - 150 миллион еуро;
  2. Винисиус («Реал Мадрид») - 150;
  3. Филипп Фоден («Манчестер Сити») - 150;
  4. Мэйсон Гринвуд («Манчестер Юнайтед») - 140;
  5. Джейдон Санчо («Манчестер Юнайтед») - 130;
  6. Ферран Торрес («Манчестер Сити») - 120;
  7. Жоао Феликс («Атлетико Мадрид)» - 100;
  8. Килиан Мбаппе (ПСЖ) - 80;
  9. Мусса Диаби («Байер») - 80;
  10. Йереми Пино («Вильярреал») - 80.
Жарнама
Жарнама

Новости партнеров