Конференция Лигасының екінші іріктеу кезеңінде "Астана" мен "Арис" командалары келесі айналымның жолдамасын сарапқа салды. Матч Грекиядағы "Клеантис Викелидиса" стадионында өтіп, 2:1 есебімен алаң иелерінің пайдасына шешілді.
Ойынның 36-минутында Дмитриос Манос Непогодовтың қайтарған добын қақпаға қайта теуіп, командасын алға шығарды. Ал 78-минутта Лукас Саша баспен гол соғып, есепті еселеді. 86-минутта "Аристің" жартылай қорғаушысы Маттео Гарсия екінші ескерту қағазын алып, алаңнан қуылды.
Қос матчтың қорытындысы бойынша есеп теңескендіктен (2:2), жанкүйерлер экстра-таймға куә болды. "Астана" 30-минут бойы он адаммен қалған "Арис" қақпасының кілтін таба алмады. Тек төреші қосқан соңғы бір минутта Энео Битри айып добынан асырылған пасты қақпаға дәл бағыттап, жеңісті голдың авторы атанды.
Елордалық клуб келесі кезеңде финляндиялық КуПС командасымен кездеседі
Біздің серіктес: FONBET