Энцо Фернандес "Ливерпуль" жанкүйерімен төбелесті

26.02.2024, 17:12

Оқиға "Челси" мен "Ливерпуль" арасындағы матчтан кейін орын алды. 

Аргентиналық футболшының кездесуден кейінгі марапаттау рәсімінде жүйкесі сыр берді. Жартылай қорғаушы мерсисайдтық клубтың жанкүйерлерінің жанынан өтіп бара жатып, біреуімен сөзге келіп қалған. Қауіпсіздік қызметі болмаса, бұл оқиғаның қалай аяқталары белгісіз. 

Айта кетейік, кеше қос команда ағылшын Лигасының кубогін сарапқа салды. Финалдық матчта "Ливерпуль" Вирджил ван Дейктің голының арқасында жеңіске жетті.