Эрик Дайер: ЧЛ-да кез-келген жағдай болуы мүмкін

06.03.2024, 13:38

«Баварияның» қорғаушысы Эрик Дайер «Лациомен» өткен ойын туралы пікірімен бөлісті. Англиялық футболшы ЧЛ-дағы жауапты кездесудің маңыздылығын айтты.

Эрик Дайер өзін мюнхенде жақсы сезінеді екен. Клубқа бейімделіп қалғанын жеткізген қорғаушы «Баварияның» келесі кезеңдегі қарсыласын тезірек білгісі келетінін де қоса кетті. «Басымыздан өтіп жатқан жағдайларды ескерсек, осы ойынға (Лациомен болған матч) көп дүние байланысты болған. Меніңше, бұл сыннан сүрінбей өттік. Бұл маусымда алдымызда үлкен жол тұр. Чемпиондар лигасында кез-келген жағдай орын алуы мүмкін. Енді, келесі кезеңдегі қарсыласымызды тағатсыздана күтеміз. Бүгінгі мақсат осы болатын», - деді Э. Дайер.

Айта кетейік, «Бавария» кеше ЧЛ-ның 1/8 финалдық кезеңінің қарымта кездесуінде «Лационы» 3:0 есебімен ұтып, келесі кезеңге жолдама алды. Командалардың Италиядағы матчы «Лационың» (1:0) жеңісімен аяқталған.