Жарнама
Жарнама

Эрик тен Хаг «Ювентус» шабуылшысына көз тікті

29.04.2022, 18:05
Аргентиналық футболшы жазда еркін агент атанады.
Жарнама
Жарнама

Келесі маусымда «Манчестер Юнайтедтің» бас бапкері болатын 52 жастағы голландиялық маман Эрик тен Хаг клубтан «Ювентус» шабуылшысы Пауло Дибаланы сатып алуды талап етуде. Бұл туралы Corriere dello Sport басылымы хабарлады.

Дереккөздің айтуынша, «қызыл сойқандар» бұған дейін де аргентиналық ойыншыға қызығушылық танытқан еді, бірақ тен Хагтың келуі бұл процесті тездетуі мүмкін. Дибаланың жазда еркін агент атанатынын айта кетейік.

Бұл ретте ойыншыға Ағылшын Премьер-лигасының басқа клубтары, атап айтсақ, лондондық «Тоттенхэм» мен «Арсенал», сондай-ақ «Манчестер Сити» қызығушылық танытып отыр. Ойыншыға басты үміткер болып табылатын «Интер» де Дибаламен келіссөздер жүргізуде.

Дибала осы маусымда «Ювентус» үшін барлық турнирлерде 34 ойынға қатысып, 14 гол мен 6 нәтижелі пастың авторы атанды.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров