Жарнама
Жарнама

Эрик Тен-Хаг "отсавкаға" кете ме?

Әлемнің әр түкпірінде миллиондаған жанкүйері бар ағылшындық "Манчестер Юнайтед" футбол клубы жаңа бапкер іздеуге кірісіпті. Иә, "қызыл сойқандардың" басшылығы голландық маман Эрик Тен-Хагтың бапкерлік біліктілігіне тойған сияқты. Себебі, МЮ соңғы өткен 4 ресми матчта бірде-бір рет жеңіске жеткен жоқ. "Тоттенхәмге" өз алаңында 0-3 есебімен жеңілгеннен кейін ағылшындық клуб Еуропа лигасы аясында Португалияға аттанған.

фото ашық дерек көзден алынды
Жарнама
Жарнама

Сырт алаңда "Портумен" ойын өткізген манчестерлік клуб тағы әлемге масқара бола жаздады. Бірінші таймның орта тұсында екі доп басымдығымен алда тұрған МЮ қатарынан үш гол жіберіп, ақыр соңында Португалиядан әзер дегенде бір ұпай еншілеп, 3-3 нәтижесін қанағат тұтып қайтты. Осы ойыннан кейін ерінбегеннің бәрі Тен-Хагты сынап, клубтың ресми парақшасына жанкүйерлер “таз бас” бапкерді “отсавкаға” жіберуді талап етіп, әлемжеліде біраз шу шығарды. Рас, кезінде атынан ат үркейтін “МЮ” қазір Еуропа түгілі АПЛ-де ортаңқол командаға айналып кетті. Жаңа маусым сайын зор үміт күтіп, сүреңсіз ойындарынан шаршаған Ермұхаммед Мәулен сияқты миллиондаған фанаттар бүгінде бас көтеріп жүруден қалды. Қазір “қызыл сойқандар” АПЛ-да өткен 6 турда небәрі 7 ұпай жинап, турнирлік кестеде 13-орында тұр. Еуропа лигасында екі ойында екі ұпай. Міне, осындай көңіл көншітпейтін нәтижелерден кейін Тен-Хаг басшылар алдында абыройынан да, сенімнен де айрылғандай. Ресми голландық маман әлі қызметінен босатылған жоқ. Тіпті, журналистерге берген соңғы сұхбатында “басшылық маған 100 пайыз сенеді. Және чемпионат соңында мен команданы көшбасына шығарамын. Сонда көресіңдер әлі” депті. Осылай айтып келе жатқанына 3 жыл болғанын өзі де аңғармай қалған-ау. Бүгін Италияның белді басылымдарының айтуынша “МЮ” қазіргі “Интердің” бас бапкері Филиппо Индзагиге ұсыныс білдіріп, Ұлттар лигасы кезіндегі үзілісте команданы тізгіндеуін сұраған. Алайда, 48 жастағы итальяндық маман бұл ұсыныстан бас тартыпты. Яғни, “қызыл сойқандар” жасырын болса да бапкер іздеуге шындап кіріскен сияқты. Бір анығы Эрик Тен-Хагтың басына қара бұлт үйіріліп, Тұманды альбиондағы ақырғы күні жақындап келеді.  

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров