"Тараз" футбол клубы португалиялық жартылай қорғаушы Эривалдомен келісім-шартқа отырғанын хабарлады. Футболшы жамбылдық клубта 84-нөмірмен ойнайтын болады.
27 жастағы Эривалдо "Астанаға" кеткен Педро Эуженионы алмастырады. Ол соңғы кездері болгариялық "Берое" клубында ойнады. Шілдеде келісім-шарты аяқталғандықтан, еркін агент мәртебесін алды.
Болгарияға қоныс аудармас бұрын Эривалдо Португалияның бірқатар клубтарында ойнады, соның ішінде "Лейшоеш", "Маритиму", Академика Визеу және "Авес" командаларының намысын қорғады. Сондай-ақ ол өз елінің жастар құрамасында бір матч өткізген.
Біздің серіктес: FONBET