Жаңа маусымда жартылай қорғаушы ақтаулық клубтың намысын қорғамақ.
Еркебұлан Нұрғалиев Семей футбол мектебінің түлегі. Қазақстандық ойыншы осыған дейін павлодарлық «Ертіс», көкшетаудың «Оқжетпесі», қарағандының «Шахтері» мен «Ақтөбенің» намысын қорғаған болатын. Соңғы екі маусымда Еркебұлан Нұрғалиев семейдің «Елімайының» сапында өнер көрсетті.
Жартылай қорғаушы ҚПЛ аясындағы 147 ойында бақ сынап, 13 голдың авторы атанған. Сондай-ақ, осыншама матчта 19 голдық пас шығарды. Футболшының нарықтық бағасы 250 мың еуро.
Біздің серіктес: FONBET