«Қайраттың» шабуылшысы Еркебұлан Сейдахмет Талдықорғанның «Жетісу» командасына өтті, деп хабарлайды Алматылық клубтың ресми сайты.
"Жетісу" клубы 20 жастағы Еркебұланды жалға алды. «Жетісудың» құрамында ол ағымдағы маусымның соңына дейін ойнайды.
"Футболшының өзі көп ойын тәжірибесін алу үшін басқа клубқа ауысуға ниет білдірді. Клуб ойыншының бұл шешіміне қарсылық көрсетпеді. ⠀
«Қайрат» клубы Еркебұланға жемісті жұмыс және «Жетісуда» нәтижелі ойын көрсетуін тілейді."
Біздің серіктес: FONBET