«Ақтөбе» клубының футболшысы, жанкүйерлер арасында «қазақ Мессиі» лақап атымен танымал ойыншы жасыл алаңдағы орны жайлы айтты, деп хабарлайды Aladop.kz сайты «Футбол жолы» YouTube арнасына сілтеме жасап.
««Қайрат» клубын Құрбан Бердыев жаттықтырған сәтте мені оң қапталдағы қорғаушы позициясында байқап көрді. «Тобылға» қарсы Суперкубок ойынында өзімді жақсы көрсеткен соң, осы позицияда қалып қойдым. Бапкерлер қанша рет ауысса да, оң қапталдағы рөлімді жалғастырдым», - деді Еркебұлан Сейдахмет.
Футболшы «Ақтөбедегі» позициясы өзгеріп кеткенін жеткізді.
««Ақтөбе» сапында менің бірнеше позицияда ойнай алатындығымды байқады. Сондықтан көбінесе ортаңғы бөлікте ондық және сегіздік рөлін атқардым. Өзімнің қай позицияда ойнайтынымды ұмытып қалдым. Тамызда Николай Костов бапкер ретінде келген соң, маған әлі де қосу керектігін айтты. Жеке өзім болгар мамандарының футболға деген көзқарастары ұнайды. Станимир Стойлов кезінде де ұлттық құрамада өнер көрсеткен едім», - деп футболшы ойын түйіндеді.
Айта кетейік, 25 жастағы Еркебұлан Сейдахмет өз мансабында Ресей, Болгария, Қазақстан чемпионаттарында өнер көрсеткен.
Біздің серіктес: FONBET