Еркебұлан Сейдахмет “Қайрат” сапында 100 матч өткізді

“Қайрат” футбол клубының баспасөз-қызметі Еркебұлан Сейдахметтің Алматы ұжымы сапында мерейтойлы кездесуін өткізгенін хабарлады. 

“Тобылға” қарсы өткен кездесу 24 жастағы футболшы үшін “Қайрат” қатарындағы 100 ойыны болып тіркелді (2:2). 

Сейдахмет сары-қаралар командасына ауысқанға дейін өзі түлеп ұшқан “Тараз”, ресейлік УФА мен болгариялық “Левскиде” өнер көрсетті. 

Еркебұлан 2019 жылдың 30 маусымында “Қайраттың” “Астанамен” болған кездесуінде  дебют жасады. Сол матчта сары-қаралар елорда командасын 2:0 есебімен жеңді.

"Қайрат" сапында 100 ойында Сейдахмет 8 гол соғып, 8 нәтижелі пас берді. 

 

Материалда: