Жарнама
Жарнама

Еркебұлан Тұңғышбаев өз мансабында алғаш рет пента-трик авторы атанды

“Ертіс” командасы бүгінгі кездесуде елордалық SD Family клубын аяған жоқ.

Жарнама
Жарнама

Матчта барлығы 9 гол соғылды. Соның 7-еуін қонақ болып келген Ертіс ұжымы тіркеді. Павлодар командасы сапынан ойын барысында Агиманов, Нұрымбет және Еркебұлан Тұңғышбаев көзге түсті.

Кездесудің екінші таймында алаңға шыққан “Ертістің” 30 жастағы шабуылшысы 51 мен 88 минут аралығында қарсылас қақпасын 5 рет гол соқты. Сол арқылы Еркебұлан өз мансабында алғаш рет пента-трик авторы атанды.

Павлодар клубына дейін Тұңғышбаев “Қыран”, “Ақсу”, “Екібастұз”, “Ордабасы” және “Қайрат” ұжымдарында өнер көрсетті. 

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров

Материалда: