Еркебұлан Тұңғышбаев «Ақсу» клубына ауысты

25.01.2022, 17:36
Түркістандық «Тұран» бұл футболшыны керек қылмады

«Ақсу» клубы 27 жастағы жартылай қорғаушы Еркебұлан Тұңғышбаевпен келісім-шартқа отырғанын хабарлады.

Бұған дейін Тұңғышбаев түркістандық «Тұранның» оқу-жаттығу жиынына қатысқан болатын.

Еркебұлан Тұңғышбаев «Ордабасының» түлегі болып табылады. 2014 жылы ол Премьер-лигада дебют жасады. Өткен маусымда ол шымкенттік клуб сапында 19 матч өткізіп, 4 гол соққан. Бірақ жарақатына байланысты маусым айынан қазан айының ортасына дейін алаңға шықпады.

Еркебұлан 2019-2020 жылдар аралығында алматылық «Қайраттың» намысын қорғап, мансабында алғаш рет Қазақстан чемпионы атанды. Ол Қазақстан Премьер-лигасында бас-аяғы 182 матч өткізіп, 25 гол соқты және 18 нәтижелі пас берді.

Сондай-ақ 27 жастағы футболшы Қазақстан құрамасы жейдесінде 12 матч өткізіп, 1 гол соққан.