Жарнама
Жарнама

Еркебұлан Тұңғышбаев «Қайрат» клубынан кетуге жақын

11.12.2020, 21:38
Еркебұлан «Ордабасыға» қайта оралуы мүмкін.
Жарнама
Жарнама

"Қайраттың" жартылай қорғаушысы Еркебұлан Тұңғышбаев клубтан кетуге жақын. Бұл туралы командаға жақын ақпарат көздері хабарлады.

Жазғы трансферлік терезеде 25 жастағы футболшы тұрақты ойын практикасын алу үшін басқа клубқа жалдау шарты бойынша ауысқысы келді, бірақ бас жаттықтырушы Алексей Шпилевский футболшыға мүмкіндік беремін деп сендіріпті.

Тұңғышбаев "Қайратта" екі маусым бойы негізгі құрам ойыншысына айнала алмады, енді футболшы бұрынғы клубы "Ордабасыға" оралуы әбден мүмкін.

Еркебұлан осы маусымда "Қайрат" үшін 12 матчқа қатысып, нәтижелі әрекетімен көзге түсе алмады.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров