Жарнама
Жарнама

Еркебұлан жайлы жарыса жазуда

11.01.2018, 21:41
Жарнама
Жарнама

Еркебұлан Сейдахмет жайлы қазір күллі Ресей футболы естіп-білді десек артық емес. Солтүстіктегі көрші мемлекет қазақстандық жас шабуылшы жайлы жарыса жазып жатыр. Башқұртстанның "Уфа" командасы Еркебұланды Кипрегі алғашқы оқу-жаттығу жинына алып кетті. 23-ақпан күні Сейдахмет 18 жасқа толған кезде алғашқы келісім-шартқа қол қоймақшы. Осы орайда Rusfootball.info сайты бұл мәселеге былайша көзқарас танытты.

""Уфа" жас талантты футболшыларды өсіріп, немесе дер кезінде өз командасына алып, кейіннен аты шыққан соң сатып күн көріп жүр. Осыған дейін олар Зинченконы тәрбиелеп шығарды. Ендігі кезек қазақ ойыншысы Еркебұлан Сейдахмет болған секілді. Өткен жылы "Гранаткин мемориалы" жарысының үздік сұрмергені атанған шабуылшы "Зенит" командасына қатты керекболған еді. Алайда футболшының агенті Георгий Хутиди "Уфа" командасымен келісімге келді. Себебі, Еркебұланның өзі осы команданы таңдап отыр. Шынын айтқанда "Зенитте" қосалқы құрамда жүргеннен көрі "Уфада" жасыл алаңға шығу мүмкіндігі көп" - деп жазады ресейлік сайт.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров