Жарнама
Жарнама

Еркебұланда «Ордабасыдан» ұсыныс болған еді - Сейдахметтің алғашқы бапкері

01.09.2020, 17:52
Талғаев Еркебұланның «Уфаға» кеткенін қателік деп санайды.
Жарнама
Жарнама

Қазақстандық жаттықтырушы Ваит Талғаев Еркебұлан Сейдахметтің Ресейде неге ойнамағанын және өзін толық көрсету үшін нені жақсарту керектігін айтты. Дәл осы Талғаевтың кезінде жас шабуылшы «Тараз» сапында ойнап, Қазақстан чемпионатында дебют жасады.

«Ол талантты футболшы, өте ақылды, шебер ойнайды, бірақ бірте-бірте қарсыластар оның ойынына бейімделіп, оған қарсы мықты футбол ойнай бастады. Оның басты қателіктерінің бірі - ол «Уфаға» тым ерте кетті, сонымен бірге ол жерде легионер болып есептелді. Семак оны шақырды, бірақ кейін кетіп қалды, бапкер ауыстырылды және тағы бір жарақат - оған әсер еткен факторлар.

Бастапқыда "Тараздағы" бір маусымнан кейін мен оған Қазақстанда тағы бір жыл ойнауды ұсындым, «Ордабасыдан» ұсыныс болды. Бірақ соңында олар оны Ресейге жіберуге шешім қабылдады. Қалай болғанда да, мен оған сәттілік тілеймін. Ойыншыда бәрі бар, егер жарақаттар алмаса және физикалық тұрғыдан күшейсе, ол керемет ойнайтын болады. Бапкердің сенімі де маңызды - бұл оған қатты қажет», - деді Талғаев.

Жазғы трансферлік терезеде Сейдахмет «Қайраттан» "Жетісуға" ауысқан болатын. Осы маусымда ойыншы 2 ғана матч өткізді.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров