Жарнама
Жарнама

Еркін Тапалов: “Алматыда болсақ өз алаңымызда, жанкүйерлеріміздің алдында мүлдем өзгеше ойын көрсетер едік”

Бүгін, 08:25

Еркін Тапалов "Брюггеге" қарсы ойынды (1:4) қорытындылап, жеңілістің басты себептерін атап өтті, деп хабарлайды Aladop.kz.

Жарнама
Жарнама

Басты мәселе — ойын практикасының аздығы

Тапаловтың айтуынша, команданың қазіргі таңда оңтайлы бабында болмауы нәтижеге тікелей әсер еткен.

"Өте өкінішті нәтиже. Бірақ біздің дәл қазір дайын емес екенімізді мойындау керек. Ішкі біріншілікте ойындар жоқ, сондықтан тонусымыз төмен. Мұны ашық айтуымыз қажет.”

Ол сондай-ақ қарсыластың артықшылығын да атап өтті.

"Брюггеде қазір чемпионат қызып жатыр, олар тамаша бабында. Ал біздің деңгейіміз осы болып тұр. Енді тек келесі ойындарға дайындалу ғана қалды."

Уақыт факторы мен стадион атмосферасы

Журналистің "Егер бұл кездесу қыркүйек немесе қазан айларында өтсе, нәтиже басқаша болар ма еді?” деген сұрағына Еркін былай деп жауап берді:

"Әрине, бәрі басқаша болар еді. Біз өз алаңымызда, жанкүйерлер алдында мүлдем өзгеше футбол көрсетер едік.” 

"Арсеналмен” ойын және жас футболшылар

Келесі турдағы лондондық "Арсеналға” қарсы кездесу турнирлік тұрғыда ештеңе шешпесе де, Тапалов бұл ойынға намыс үшін шығу керектігін жеткізді. Ал жас ойыншыларды алаңға ертерек шығару туралы сұраққа футболшы қысқа қайырып:

"Бұл — бапкердің құзырындағы мәселе." — деп түйіндеді Vesti.kz сайтына берген сұхбатын.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров