"Қайрат" пен Қазақстан құрамасының қорғаушысы Еркін Тапалов Премьер лиганың 26-турында өткен "Астанаға" қарсы шешуші кездесуден кейін ойын жайлы өз пікірін білдірді.
Футболшының айтуынша, матчтың соңғы минуттары барлығы үшін жүйкені тоздырған сәттер болған:
"Соңғы минуттар тұман секілді өтті. Ал Томасовтың соққысы бағанға тиіп кері қайтқанда, тіпті өзім де құлап қалдым.” – деп еске алды Тапалов Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында.
Дегенмен қорғаушы үшін ең маңыздысы – нәтиже мен маусым қорытындысы:
"Ең бастысы, біз жеңіске жеттік. Осы маусымда ең мықты команда екенімізді дәлелдедік. Бұл – бүкіл ұжымның еңбегі.” – деді ол.
Сондай-ақ Еркін Тапалов "Қайраттың” алдағы жылдары да үздік команда ретінде өз үстемдігін сақтап қала алатынына сенімді:
"Бізден “династиялық команда” шыға ма? Әрине, неге болмасын. Бізде өте мықты ұжым бар, бәрі мүмкін." – деп аяқтады ол сөзін.
Біздің серіктес: FONBET