Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінің 3-туры аясында «Қайрат» клубы баспасөз жиынын өткізді.
Жиын барысында журналистер билет бағасына қатысты сұрақ қойды.
«Жанкүйерлердің аз болуы бізге қатты әсер етпейді. Себебі, біз тарих жасап, Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінде алғашқы жеңісімізге жеткіміз келеді. Біздің ойынымызға билет алған шынайы жанкүйерлерге өз алғысымды айтқым келеді», - деді Еркін Тапалов.
Бұл ойынға клуб билет бағасын 30 000 - 250 000 теңге аралығында бекіткен болатын.
«Шынымды айтсам, билет жағына менің еш қатысым жоқ. Бұл сұрақты клуб басшылығына қойғаңыз дұрыс», - деп бас бапкер Рафаэль Уразбахтин де өз пікірін айтты.
Айта кетейік, «Қайрат» - «Пафос» арасындағы ойын ертең, 21 қазан күні кешкі 21:45-те басталады.
Біздің серіктес: FONBET