Жарнама
Жарнама

Еркін Тапалов Уэльспен болатын ойыннан шет қалмақ

“Қайрат” клубының ойыншысы тізе жарақатына байланысты ел құрамасының ертеңгі ойынында көмектесе алмайды.

Жарнама
Жарнама

Еске салайық, ертең елордасы Астана жерінде ел құрамасы Әлем чемпионаты іріктеуі аясында Уэльспен бақ сынасады. Аталмыш матчты қазақстандық жанкүйерлер 19:00-де тамашалай алады. 

Бір өкініштісі құрама қосынына шақыртылғанымен, бірінші кездесуде Еркін Тапаловты көре алмайтын болдық. Оның орнына ертеңгі кездесуде Сұлтанбек Астанов бастапқы құрамда шығуы тиіс. Бірақ Бельгиямен болатын кездесуде Еркін қаптал қорғаныста өзі ойнайтын болады.

Айта кетейік, ел құрамасының Молдоваға қарсы 2019 жылғы жолдастық кездесуінде дебют жасаған Тапалов осы уақытқа дейін Қазақстан жейдесінде барлығы 19 матч өткізді. 

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров

Материалда: