Ерлан Қожағапанов Қазақстан футбол федерациясының президенті болып сайланды
25.12.2014, 21:17
Жарнама
Жарнама
Астана қаласының әкімі Әділбек Жақсыбеков өз еркімен Қазақстан футбол федерациясы басшысы қызметінен кетті. Бұл туралы Қазақстан футбол федерациясының XI кезектен тыс конференциясында белгілі болды. Конференцияның ашылуында сөз алған Әділбек Рыскелдіұлы делегаттардан өзін Федерация басшысы қызметінен босату туралы өтінішін айтып, оны барлығы бірауыздан қабыл алды.
Әділбек Рыскелдіұлы Қазақстан футболын табаны күректей жеті жыл басқарды. Осы уақытта ауқымды жұмыстар атқарылғаны белгілі. Әсіресе, халақыралық байланыстың нығая түскенін ерекше атап өткен жөн. Оның бір нақты дәлелі Астанада УЕФА Конгресінің өтуі. Әділбек Жақсыбековтың шешіміне қатысты УЕФА президенті Мишель Платини бейнежолдау жіберіп, Қазақстан футболын дамыту жолындағы еңбегін жоғары бағалап, жаңа жеңістер тіледі. Және ФИФА басшысы Йозеф Блаттер де алхыс хат жолдап, футболды дамытуға қосқан үлесі үшін ФИФА-ның алтын медалімен марапттады. Сондай-ақ, Әділбек Жақсыбековке Қазақстан футбол федерациясының құрметті қайраткері атағы берілді.
Сонымен, Қазақстан футбол федерациясының жаңа басшысы болып Ерлан Қожағапанов сайланды. Конференцияға қатысқан делегаттар оны бірауыздан қолдады. Бұған дейін бірнеше жауапты қызметті атқарған Қожағапанов Қазақстан футболын 2018 жылға дейін басқарады.