Эрлинг Холанд "Боруссия" ойыншысы атанды

30.12.2019, 03:15

Санаулы сәттер бұрын ғана Дортмундтың "Боруссиясы" ресми сайтында Эрлинг Холандты сатып алғанын жариялады. Келісім-шарт 2024 жылға дейін жарамды. Ал трансфер құны әзірге белгісіз. Осылайша біразға дейін созылған трансферлік жырға нүкте қойылды.

Айта кетейік, шабуылшыны сатып алудан "Манчестер Юнайтед" пен "Ювентус" те дәмелі болған. Алайда футболшы Бундеслигада доп тебуді жөн көріпті.

https://www.instagram.com/p/B6qO2IwCzA-/?igshid=njp5lh6o1620

Эрлинг биылғы маусымда "Зальцбург" сапында 22 ойында 28 гол салып, 7 нәтижелі пас берген.

Шамкен БАЙЫРБЕК.