«Манчестер Сити» дортмундтық «Боруссияның» шабуылшысы Эрлинг Холандпен келісімге келді, деп хабарлайды Daily Mail.
Дереккөздің ақпаратына сәйкес, «Манчестер Сити» Холандқа апталық жалақысы 600 000 еуроны құрайтын бес жыллық келісім-шарт ұсынған. Бұл оны Премьер-лигадағы ең жоғары жалақы алатын ойыншыға айналдырды. Келіссөздер келесі аптада аяқталуы мүмкін.
Еске салайық, Холанд 2020 жылдың қаңтарында «Боруссия» ойыншысы атанған еді. Осы маусымда норвегиялық шабуылшы Бундеслиганың 20 матчында 18 гол соғып, 7 нәтижелі пас берді.
Сондай-ақ Холанд Чемпиондар лигасының үш матчында үш гол соқты.
Біздің серіктес: FONBET