«Боруссия Дортмундтың» 20 жасар шабуылшысы Эрлинг Холанд Норвегияның үздік футболшысы атанды, деп хабарлайды футболдан Норвегия ерлер мен әйелдер ұлттық құрамасының ресми сайты. Бұл атақ Холландқа алғаш рет берілді.
Бұған дейін норвегиялық шабуылшы Еуропаның 21 жасқа дейінгі үздік жас футболшыға берілетін Golden Boy сыйлығын жеңіп алған болатын.
2020 жылдың қаңтарында Австрияның «РБ Зальцбург» клубынан 20 миллион еуроға ауысқан Эрлинг Холанд «Боруссияның» ойыншысы атанған еді. Германия чемпионатының осы маусымында шабуылшы 8 матчқа қатысып, 10 гол соғып, 2 нәтижелі пас берді. Сонымен қатар ол Чемпиондар лигасының 4 кездесуінде 6 гол соқты.
Біздің серіктес: FONBET