«Манчестер Сити» ресми сайтында дортмундтық «Боруссияның» шабуылшы Эрлинг Холандты сатып алғанын хабарлады.
Англиялық клуб «Боруссиямен» трансфер бойынша нақты мәмілеге келді. Холанд жаңа командасымен бес жылдық келісім-шартқа отырды және 1 шілдеден бастап «қалалықтардың» намысын қорғайды. Шабуылшы үшін «Манчестер Сити» 60 миллион еуро төледі және апталық жалақысын 375 мың фунт стерлингке көтерді.
21 жастағы норвегиялық футболшы «Манчестер Ситиге» ауыспас бұрын Брюссельде медициналық тексерістен өткен.
Осы маусымда Холанд «Боруссия» үшін барлық турнирлерде 29 матчқа қатысып, 28 гол мен 7 нәтижелі пастың авторы атанды.
Біздің серіктес: FONBET