Жарнама
Жарнама

Эрлинг Холланд «Golden Boy» сыйлығына ие болды

15.12.2020, 16:50
Футболшы Ибрагимович пен Роналдуды үлгі тұтатынын мәлімдеді.
Жарнама
Жарнама

"Боруссия Дортмунд" клубының 20 жастағы норвегиялық шабуылшысы Эрлинг Холланд Еуропаның 21 жасқа дейінгі ең үздік футболшысына "Golden Boy" сыйлығын алды.

"Мен бұл марапатқа ие болғанымды мақтан тұтамын, бұл мен үшін үлкен жетістікке жетуге түрткі болмақ. Мен жаңа мақсаттарға қол жеткізіп, алға ұмтылғым келеді", - деді Холланд Tuttosport басылымына берген сұхбатында.

Бұл сыйлықтың ең соңғы лауреаттары "Атлетико Мадрид" шабуылшысы Жоао Фелиш (2019), "Ювентус" қорғаушысы Маттиас де Лигт (2018) және "Пари Сен-Жермен" шабуылшысы Килиан Мбаппе (2017) болды.

Естеріңізге сала кетейік, Эрлинг Холланд австриялық "РБ Зальцбургтен" 20 миллион еуроға ауысып, 2020 жылдың қаңтарында "Боруссияның" ойыншысы атанды.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров