"Ньюкасл Юнайтедке" қарсы өткен ойында Норвегиялық шабуылшы, голға соққыш машина, "Асау сары" Эрлинг Холанд Ағылшын Премьер лигасында өзінің 100-ші голын соғып, Алан Ширердің 30 жылдан астам уақыт бойы бұзылмаған рекордын жаңартып, мұндай нәтижеге жеткен ең жылдам ойыншы ретінде тарихқа енді, деп хабарлайды Aladop.kz.
Холанд әлемдегі ең бәсекелі лигада 100 гол соққан тарихта 35-ші ойыншы болып отыр. Бұған дейін бұл межеге жеткен соңғы ойыншы — 2023 жылы "Тоттенхэм” шабуылшысы Сон Хён-Мин болатын.
25 жастағы Холандтың бір ойынға шаққандағы орташа көрсеткіші 0.9-дан асады, бұл оған ең жақын Тьерри Анридан да әлдеқайда жоғары көрсеткіш болып саналады.
Холанд өз сезімін былайша жеткізді:
“Бұл шын мәнінде үлкен жетістік, мен өте мақтанамын. 100 гол соққан ойыншылар тізіміне ену — керемет, сондықтан осы жетістікке жеткеніме шын қуаныштымын. Менің мақсатым дәл осындай болды. Мен әрдайым командама гол соғу арқылы көмектесуге тырысамын — бұл менің жұмысым.”
Каррагер: “Холанд — Англияда ойнаған ең үздік гол соғушы”
Өткен айдың басында Холанд қатарынан тоғызыншы матчында гол соққанда Sky Sports сарапшысы Жейми Каррагер Норвегиялық шабуылшыны Англия футболының тарихындағы ең нәтижелі гол соғушы деп атады.
Каррагер:
“Жимми Гривз, Дикси Дин сияқты көптеген аңыз ойыншылар есіме бірден түспейді. Бірақ мен Гари Линекер, Алан Ширер, Харри Кейн, Ливерпульдың Иан Раштарын еске аламын. Олар керемет орталық шабуылшылар болды. Ал Холанд сияқты табиғи гол соғушы мүлде бөлек. Біз қазір Англия футболында бұрын-соңды болмаған деңгейдегі ойыншыны көріп отырмыз. Бұған дейін осы клубта гол соққан Серхио Агуеро да ең үздік шабуылшылардың бірі болды. Бірақ Холанд Агуеродан мүлде басқа деңгейде, ол — ең үздігі.”
Есеп бойынша Эрлинг Холанд 2030 жылдың қыркүйегіне дейін Алан Ширердің рекордын жаңартып, Ағылшын Премьер лигасының барлық уақыттағы сұрмергені атанады.
Осы қарқынымен жүрсе, "Манчестер Сити” клубымен жасасқан келісімінің соңына дейін оның Премьер лигадағы голдар саны 389-ға жетпек.
Біздің серіктес: FONBET