Эрлинг Холанд Қазақстанмен болған ойын жайлы айтты.
Айта кетейік, кеше норвегиялық шабуылшы Ұлттар Лигасының алтыншы турында Стас Покатиловтың қақпасына үш гол салып, өзінің голдар санын арттыра түскен еді. Ал Норвегия – Қазақстан кездесуінің өзі алаң иелерінің сенімді жеңісімен аяқталған болатын (5.0)
«Тамаша! Топта жеңіс бар. Керемет кеш. Сондықтан, иә бәрі тамаша. Бұл кеш өте керемет болды. Мен үшін қаншалықты маңызды екенін өздеріңіз де көрдіңіздер ғой. Өнерімді 10 балмен есептегенде қалай бағалар едім? Ол жағын білмеймін. Бес немесе алты шығар», - деді жұлдызды шабуылшы.
Сонымен, Қазақстан Ұлттар Лигасының осы маусымын аяқтады. Ұлттық команда Норвегия, Аустрия мен Словениядан кейінгі соңғы төртінші орын алып, А Лигасымен қош айтысты. Ресейлік маман Станислав Черчесов ұлттық құраманы жазда тізгіндеген еді.
Біздің серіктес: FONBET