Жарнама
Жарнама

Эрлинг Холанд “Манчестер Ситидің” сұрмергендер тізімінде үздік ондыққа енді

28.09.2025, 10:30

“Бурнлиге” қарсы өткен матчта Эрлинг Холанд соңғы минуттарда дубль жасап, “Манчестер Сити” тарихындағы мергендердің ондығына енді.

Photo: Manchester City
Жарнама
Жарнама

Норвегиялық шабуылшы 153 ойында 133 гол соғып, клуб тарихында тоғызыншы орынға көтерілді. Ол бұл көрсеткішпен Билли Гиллеспи мен Фред Тилсонды артта қалдырды. Дегенмен, клубтың рекордшысы Серхио Агуэроға жетуге әлі біраз бар. Аргентиналық аңыз “Сити” сапында 10 жыл ішінде 260 гол соққан.

Холандтың көрсеткіші өте керемет. Гиллеспи 132 голға жету үшін 231 матч, ал Тилсон 275 матч қажет еткен еді. Ал Викингке 153-ақ ойын жеткілікті болды.

Сонымен қатар, Эрлинг енді Премьер лигада гол саны бойынша тарихтағы ең нәтижелі Норвегиялық ойыншы атанды. Ол 103 ойында 93 гол соғып, бұрынғы рекорд иесі Оле-Гуннар Сульшерді артта қалдырды.

Этихад стадионында да рекордтар жаңарып жатыр. “Бернлиге” соққан голдарынан кейін Холанд клуб аренасында 51 матчта 52 голға жетті. Бұл көрсеткіш бойынша ол Рахим Стерлингті (109 ойында 51 гол) басып озды. Қазір Этихадта одан көп гол соққан жалғыз ойыншы – Серхио Агуэро (142 ойында 106 гол).

2022 жылы “Сити” сапына қосылған сәттен бастап, Холанд гол соғуда теңдессіз деңгей көрсетіп келеді. Ол қатарынан екі маусымда – 2022/23 және 2023/24 жылдары – Премьер лиганың үздік сұрмергені атанды. 2022/23 маусымы рекордтарға толы болды. Ол Премьер лигада бұрын-соңды болмаған 36 гол соғып, бір маусымдағы клуб тарихындағы ең көп гол (барлығы 52) авторы атанды.

Биыл да Холанд рекорд жаңғыртуда, ол бар-жоғы 49 ойында Чемпиондар лигасында 50 гол соғып, бұл межеге ең жылдам жеткен ойыншы болды (бұрынғы рекорд – Рууд ван Нистелрой, 62 матч). 

Қазіргі таңда ол Премьер лигада да сұрмергендер тізімінде көш бастап тұр – 6 ойында 8 гол.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров