Норвегия футбол федерациясы "Манчестер Сити" шабуылшысы Эрлинг Холандтың ұлттық құрамадан ерте қайтқанын растады. Алайда, жанкүйерлер күткендей, оның кету себебі жарақатқа байланысты емес.
Федерацияның ресми мәлімдемесінде:
"Кейбір ойыншылардың ойын кестесі тым тығыз болғандықтан, олар клубтарына ертерек қайтарылады.” – делінген.
Осы шешімге сәйкес, Холандпен қатар Александер Серлот, Юлиан Рейерсон және Фредрик Бьёркан да құрамадан босатылды. Олар сейсенбі күні өтетін Жаңа Зеландиямен жолдастық кездесуге қатыспайды.
Құрамадан кетер алдында Эрлинг Холанд әлем чемпионатының іріктеу кезеңіндегі матчта Израиль қақпасына хет-трик жасап, Норвегияға 5:0 есебімен ірі жеңіс сыйлады.
Бұл жеңістен кейін Норвегия өз тобында сенімді түрде көш бастап тұр және 2000 жылдан бергі алғашқы ірі халықаралық турнирге яғни 2026 жылғы әлем чемпионатына жолдама алуға жақын.
Холандтың ерте оралуы клубтық деңгейдегі ауыр кестемен байланысты. "Манчестер Сити” сенбі күні Премьер лигада "Эвертонмен", ал 21 қазанда Чемпиондар лигасында "Вильярреалмен” кездеседі.
Бас бапкер Пеп Гвардиола үшін Холандтың сергек әрі толық күшінде болуы – шешуші фактор.
Біздің серіктес: FONBET