Ермек Қуантаев : «Біз сырт алаңда гол соғуға тырысамыз.»
02.08.2015, 16:17
Жарнама
Жарнама
Қайрат футбол клубының қорғаушысы Ермек Қуантаев Еуропа Лигасы 3-ші іріктеу кезеңі щотландық Абердинмен(2:1) болған жеңістен соң өз ойымен бөлісті.
— Біздің екі гол салғанымыз өте жақсы. Абердин - барлық жағынан ұйымдастырылған команда. Қарсыластар жақсы дайындалғаны көрініп тұр. Екінші таймда кішкене босаңсып кеттік. Сондықтан күтпеген жерден гол жіберіп алдық. Бірақ бізде көп гол соғуға мүмкіндік болды.
— Абердин командасына қарсы ойнау қаншалықты қиын болды?
— Абердин ойыншылары біздің қақпаға көп гол салатын мүмкіндік жасай алмады. Біз жасауға мүмкіндік бермедік. Төреші Абердинге күшпен ойнауға кедергі жасаған жоқ. Олар ашық фолдар жасаса да, төреші үнсіз қалды. Тек ойын соңындаға ғана байқады, бірақ ол кезде олар гол салған болатын.
— Қайрат гол жіберіп алған соңғы жағдай қалай болды?
—Біз гол жібермеуміз керек еді.Абердин сырт алаңда гол салды. Ал бізге жауапты ойында қиынға соғады. Біз сырт алаңда гол соғуға тырысамыз.
— Бірінші тайм аяқталған соң бас бапкер не деді? Ойын кезінде қобалжығаны көрініп тұрды
— Ол соңғы секундқа дейін ойнау керегін. Және бізді тағы гол сала аласыңдар деді.
—Алматылық Орталық Стадионда тағы да аншлаг. Бұндай керемет атмосферада ойын ойнауға үйреніп қалдыңыздар ма?
— Бұл өте керемет. Клуб атынан барлық жанкүйерлерге қолдауы үшін алғыс айтқым келеді. Толған стадионда футбол ойнау үлкен ғанибет.
— Чемпиондар Лигасының іріктеу кезеңі Астана ойындарын қарайсың ба?
— Әрине, Меңінше Астана Хиктен өтіп, еурокубоктың топтық кезеңі шығады деп ойлаймын.
— Қайратта келесі кезеңге өту мүмкіндігі бар ма?
— Мүмкіндік әрқашан болады. Бастысы оны пайдалана білу керек. Жауапты ойын алдыңғы ойынға қарағанда қиын деген сөз жоқ. Барлық ойындар үйде болсын, сырт алаңда болсын қиынға соғады. Бұл жай ойын болмайды. Бізде үлкен мақсаттар тұр.
Total.kz