Жарнама
Жарнама

Ертеңгі Кубок кездесуіне қос команда сапынан кімдер қатыспайды?

“Ордабасы” мен “Тобыл” командаларының орталық қорғаушылары қос-қостан жарақат алып қалды.

Жарнама
Жарнама

Шымкенттік командаға келсек, Қызылорда жерінде болатын шешуші ойында молдовалық Виктор Мудрак пен отандасымыз Ұлар Жақсыбаев қатыспайды. Жасы 30-ға келген Шымкент тумасы “Тобылмен” болған Премьер-лига кездесуінде ауыр жарақат алып қалды. Футболшыға қатты зақым келгені соншалық Ұлардың матч барысында жан айқайы шыққан болатын. Содан бір апта уақыт өткен кейін Жақсыбаевқа Германияда тізесіне сәтті ота жасалды. Осы себептен де қазақстандық ойыншы ертеңгі ойыннан шет қалады. Жалпы Ұлар осы маусымда Ордабасы үшін Кубокте 2 матч өткізді. Оның барлығы петропавлдық Қызылжарға қарсы кездесу. Айтпақшы, Жақсыбаев сол матчтардың бірінде Шымкент ұжымын капитандық таңбамен алып шықты. Ал Виктор Мудрак болса, осы жылдың жаз айынан бері лазаретте емделіп келеді. Олда Ұлар секілді тізесін жарақаттап алды. Соның кесірінен молдовалық өзінің отандасы Андрей Мартинге еурокубокте көмектесе алмады. Петрокубтан келген қорғаушы “Ордабасы” жейдесінде жалпы алғанда 11 матч өткізіп, 1 гол соқты. Әзірге Мудрактың қай уақытта алаңға оралатыны жайында нақты ақпарат жоқ.

“Тобылда” сапында да қарсылас секілді жаз айынан бері қатардан шыққан футболшы бар. Ол - Иван Миладинович. Орталық қорғаушы Ақтөбеге қарсы кездесуде сыңғаннан бері Қостанай командасының 9 матчынан құр қалды. Сербиялық “Тобылдың” Қазақстан Кубогынде “Жетісу”, “Тұран” және “Жеңіс” клубтарымен болған ойындарына қатысты. Қорғаушы тіпті Түркістан қақпашысы Егор Хаткевичке гол соғып та үлгерді. Темірлан Ерланов болса, Миладиновичтен 1 айға ерте қатардан шықты. Нәтижесінде 15 матч қатарынан өз командасының кездесуін теледидардан тамашалауға мәжбүр болды. Бұған дейін 32 жастағы қорғаушы жарақатына байланысты көп дегенде, жаттығулар мен ойындардан 20 күнге ажыраған еді. Темірлан Қазақстан Кубогы аясында тек бір ғана кездесу өткізді. Ол текетірес “Тобылдың” “Тұранға” қарсы ширек финалының матчымен тұспа-тұс келді. 

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров

Материалда: