Жарнама
Жарнама

«Ертіс» футбол клубы ТОП шабуылшымен келісім-шарт жасады

16.07.2025, 13:31

Павлодарлық «Ертіс» футбол клубы 30 жастағы қазақстандық жартылай қорғаушы Еркебұлан Тұңғышбаевпен ресми түрде келісімшарт жасасқанын хабарлады.

Жарнама
Жарнама

Еркебұлан - «Ордабасы» клубының түлегі. Ол 2014 жылы Қазақстан Премьер-лигасында дебют жасап, кейін туған командасының тарихындағы ең көп ойын өткізген футболшы атанды (248 матч, 35 гол). Сонымен қатар, «Ордабасымен» 2017 жылы Қазақстан біріншілігінде қола жүлде алып, 2023 жылы ел чемпионы атанды.

Одан бөлек, 2019–2020 жылдары алматылық «Қайрат» сапында өнер көрсетіп, Қазақстан чемпионы және күміс жүлдегер болған.

Жалпы алғанда, Еркебұлан Тұңғышбаев Премьер-лигада 261 матч өткізіп, 39 гол соққан. Сондай-ақ, Қазақстан ұлттық құрамасы сапында 12 кездесу өткізіп, 1 голдың авторы атанған.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров

Материалда: