Жарнама
Жарнама

«Ertis» клубы Премьер-лигада ойнауға дайын ба?

03.10.2025, 13:09

«Ertis» футбол командасының бас бапкері Ринат Алюетов клубтың қазіргі жағдайы бойынша пікірімен бөлісті.

Жарнама
Жарнама

Бұйырса Премьер-лигаға шығуға бір ғана қадам қалды. 2026 жылға қаншалықты дайынсыздар? Қандай жұмыстар жүргізгелі жатырсыздар?

  • 2025 жылдың 12 маусымында ресми түрде «Ertis» клубының бас бапкерлік қызметіне кірістім. Небәрі 4 айдың ішінде қаншама жұмыс атқарылды. 12 жеңіс, 2 жеңіліс көрсеткішін тіркедік. Енді алдағы турда Премьер-лиганың жолдамасын алуымыз әбден мүмкін. Қазір клубтың ойын деңгейі мен нәтижелерге сырт көзбен қарап, жоғары көтерілу заңдылық секілді көрінеді. Алайда дәл осы көрсеткішке жету үшін, ұйқысыз түндер, үлкен жұмыс тұрғанын көбісі біле бермейді. Келесі жылдың жоспары жайлы айтуға әлі ерте. Маусымның соңында клуб басшылығымен бірге ақылдасып, жоспар түзетін боламыз.

Айта кетейік, Бірінші лигада өнер көрсететін «Ertis» клубы Бірінші лигада 23 турдан кейін 54 ұпаймен екінші орында келеді.

Бүгін олар өз алаңында Алматы қаласының «Хан-Тәңірі» командасын жеңсе, мерзімінен бұрын Премьер-лиганың жолдамасын иеленеді.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров

Материалда: