Жарнама
Жарнама

«Ертіс» клубы жаңа бас бапкерін таныстырды

12.06.2025, 14:55

Павлодарлық «Ертіс» футбол клубы команданың жаңа бас бапкері ретінде 35 жастағы қазақстандық маман Ринат Алюетовты тағайындағанын ресми түрде жариялады.

Жарнама
Жарнама

Шығыс Қазақстан облысының тумасы Ринат Алюетов бұған дейін Қазақстан Премьер-лигасында өнер көрсеткен «Жетісу», «Жеңіс», «Тұран» және «Каспий» клубтарын жаттықтырған. Сонымен қатар ол 2023 жылғы Бірінші лигадағы чемпиондық маусымда «Елімай» клубында бас бапкер Самат Смақовтың көмекшісі қызметін атқарған.

Алюетовтың бапкерлік тәжірибесі жастар футболында да мол — ол Өскемендегі «Алтай» футбол орталығында жұмыс істеп, «Жетісу» жастар құрамасы мен Қазақстанның 16 жасқа дейінгі жасөспірімдер құрамасын жаттықтырған.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров

Материалда: