Арман Смаилов “Ертіс” командасының футболшысы атанды, деп жазады Аладоп.кз.
Арман Павлодар футболының түлегі. Ол өз мансабында “Ертіс”, “Екібастұз”, “Ақсу” және “Ақжайық” ұжымдарында өнер көрсеткен. Соңғы рет шабуылшы “Елімай” сапында доп тепкенін айта кетейік. Семейлік ұжымда шабуылшы 12 ойын өткізіп, 4 голды еншісіне жазды.
Смаилов Қазақстан Кубогының 14 кездесуінде 16 гол соққан. Ол бұл көрсеткіші арқылы аталмыш турнирдің үздік сұрмергендері қатарында.
Трансфермаркет 26 жастағы ойыншыны 200 мың еуроға бағалайды.
Біздің серіктес: FONBET