Жарнама
Жарнама

«Ертіс» командасының бас бапкері Талғат БАЙСУФИНОВ: «ШОМКО «ЕРТІСКЕ» ҚАЙТЫП ОРАЛАДЫ»

02.06.2011, 18:40
Жарнама
Жарнама

Жерлестеріміз өздеріне ауадай қажет маңызды жеңіске жетіп, үш ұпайды еншіледі. Бұл ретте бас бапкердің ұстанған бағыты бекем болғаны анық. «Ертіс» пен «Локомотив» арасындағы ойыннан кейін Талғат Байсуфиновты сөзге тартқан болатынбыз. -Талғат Маруаұлы, жеңістеріңіз құтты болсын! Жігіттеріңізге көңіліңіз толды ма? -Рахмет. Әрине, ойыншыларыма көңілім толды. Шыны керек, бүгін мұндай нәтижені күткен жоқпыз. Шәкірттерім берілген тарпсырманы асырып орындады. Қуаныштымын. Негізі бүгінгі ойынға жарақат алған ойыншылар қатысты. П.Шабалин әлі жарақатынан айыққан жоқ. Г.Даскалов та ойынға шықпау керек еді. Бірақ, көмекшілеріммен ақылдаса келе, оларды алаңға шығаруға тура келді және бұл дұрыс шешім болды. -Бүгінгі ойында қандай бағытты таңдадыңыз? -Ойынды тамашалаған болсаңыздар Константин Заречный орталық алаңда да, шабуыл шебінде де өнер көрсетті. Яғни, ауыр жүктің барлығы Костяға түсті. Бұған дейін қорғаныста немесе орталық алаңда ойнайтын оны шабуылға араластырғанымыз өте орынды болды. -«Ертіс» пен «Локомотив» футболшыларының қосалқы құрамдарының арасындағы ойынды тамашаладыңыз. Кезінде «Ертіс» намысын қорғаған Дмитрий Шомко жақсы ойын өрнегін көрсетті. Оны командаға қайта шақыру ойда жоқ па? - Дима - тәжірибелі ойыншы және Павлодар футбол мектебінің түлегі. Сондықтан біз бір-бірімізді жақсы түсінеміз. Шынымды айтайын, Диманы өз жігіттерімнің қатарынан көргім келеді. Ол да бұған қарсы емес. Қазір осы бағытта жұмыстар жүргізілуде. - Давид Лория мен Мамуту Кулибали жарақатынан айыққан жоқ па? - Давид әлі емделуі керек. Кулибали да әзірше қатарға қосыла қоймас. Максим Жалмағамбетов жуық арада алаңға шығады деп отырмыз. Жалпы, соңғы кездері негізгі құрамдағы ойыншылардың көбі жарақат алып қалды. Шымкенттегі жеңілісімізге басты себеп те осы. Фархат ӘМІРЕНОВ.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров