Жарнама
Жарнама

“Ертіс” сапы Жапондық легионермен толықты

Бүгін, 12:52

Павлодарлық "Ертіс" Жапондық жартылай қорғаушы Юси Симамурамен ресми түрде келісімшартқа отырды, деп хабарлайды Aladop.kz.

Жарнама
Жарнама

Жаңа ойыншы мен клуб арасындағы келісімшарт 2026 жылдың соңына дейін жасалды.

Симамура Қазақстанға Словакия чемпионатынан ауысып келді. Ол 2022 жылдан бері словакиялық "Земплин Михайловце” намысын қорғап, команданың негізгі құрамында тұрақты өнер көрсеткен болатын.

Юси Симамура — алаңның ортасында бірнеше позицияда еркін ойнай алатын әмбебап футболшы. 

Айта кетейік, биылғы маусымда Қазақстандық клубтардың Жапон футболына деген қызығушылығы артып отыр. Мәселен, "Ұлытау” клубы да биыл Хироки Харадамен келісімшарт жасасып, тағы бір Жапондық легионері Котаро Кишимен серіктестікті ұзартқан болатын.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров